Ұлттық ойын баланың дамып жетілуіне, адамгершілік қасиеттерінің артуына және де психикасына тигізетін әсері мол. Ұлттық ойындар арқылы өз халқының тарихын, жерін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, қонақжайлығын айқындап көруге болады. Ұлттық ойындарды балаларға үйретуде тек олардың өмірі туралы мағлұмат беруге болады. Балаларға ұлттық ойындарды үйрету арқылы әділдікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілдікке, яғни адамгершілік қасиеттері де дамиды. Басқа да ойындар сияқты қазақтың ұлттық ойындарындағы бұлжытпай орындауға тиісті тәртібін баланың ойын барысында сақтауы, баланы осы кезден бастап тәртіпке, әділдікке, жинақылыққа баулиды, адал, қайырымды, батыл, өжет болуға тәрбиелейді.
Балабақшада тәрбиелік жұмыстар көптеп жүргізілуде. «Халық айтса қалт айтпайды» демекші тәрбие басын тал бесіктен бастағанның өзі де еліміздің ертеңін ойлаған яғни, атадан балаға жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызды, салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді қадірлеу, балаға сәби кезінен қалыптастырған жөн.