Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жеке тұлғалар еліміздің түрлі өңірлерінде заңсыз митингтерге қатысуға шақырулар таратуда. Бұл арандатулардың ұйымдастырушылары Қазақстанда тыйым салынған экстремистік ұйым болып табылады, оның қызметіне қатысу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Сондай-ақ бейбіт митингілер, жиналыстар, шерулер, демонстрациялар мен пикеттерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі заңмен реттелетінін түсіндіреміз.
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.
Заңды бұза отырып жүргізілетін жария акцияларды ұйымдастыру және оларға қатысу құқыққа қайшы болып табылады және жеке тұлғаларға 70 АЕК-ке дейін (204 190 теңге) айыппұл салу немесе 25 тәулікке дейін қамауға алу түрінде әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
Азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырамыз.