«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Зеренда отдела образования по  Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Физика және инфоматика пәндері онкүндігінің есебі.

04.02.2019

14 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында «№ 2 Зеренді орта мектебі» КММ физика және информатика пәндерінің онкүндігі болып өтті. Осы аралықта жоспар бойынша бекітілген көптеген  қызықты және танымдық іс – шаралар ұйымдастырылды. Орта буын оқушылары мен жоғары сынып оқушыларына физика және информатика пәндеріне арналған  плакаттар мен кроссвордтар сайысы материалдары стендта ілініп, оқушылар қызығушылық танытып, өз білімдерін сынады. Онкүндіктің аясында физика және информатика мұғалімдері ашық сабақтар өткізді. 7 сыныпта информатика пәнінің мұғалімі Н.Л. Разин өткізген « Физикалық процесстерді компьютерде моделдеу» атты ашық сабақта оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз білімдерін кқрсетіп  қана қоймай,  пәнге деген қызығушылықтарын да танытты. Физика пәнінен ағылшын тілі терминдерін пайдалана отырып өткізілген сабақта 9 сынып оқушылары да белсенділік танытты. Математика пәнінің мұғалімі С.С.Койшибаева «Физика мазмұнындағы есептерді шешу» тақырыбында қызықты да тартымды ашық сабақ өткізді. Мұғалім математика және физика пәндерінің арасындағы байланысты ескере отырып өткізген сабағында сынып оқушылары  физикалық формулаларды пайдаланып  математикалық есептерді де шығарды. Разина Н.С.  физика пәнінен өткізген  ашық сабағында  10 сынып оқушылары 7 сынып оқушыларына Архимед, Ньютон, Эйнштейннің ғылыми жқмыстарын  презентация   ретінде көрсетті.  Жаратылыстану пәнінен 5 сыныпта өткен ашық сабақ қте қызықты өтті. Мұғалім Г.А. Кокушева әртүрлі технологияларды қолдана отырып, физикалық қасиеттерді сабағында аша білді. 10 – 11 сынып оқушылары физика пәнінің мұғалімі Н.С.Разинаның басшылығымен «Физика біздің айналамызда» атты тақырыпта  өз ойларын эссе жазу сайысында жеткізе білді.   Сол сияқты онкүндікте бастауыш сынып оқушылары да тыс қалмады. Шегебаева Ж.Р. 3 – сынып оқушыларымен математика пәнінен компьютерлік ойындарды пайдалана отырып ашық сабақ өткізді. 2 – сынып оқушыларымен Белик Л.А. жаратылыстану пәнінен ашық сабақ көрсетті. 1 – 3 сынып оқушылары суреттер сайысында Космос туралы өздерінің қиялдарын суреттер арқылы көрсете білді. Салған суреттері стендке ілінді. Бастауыш сынып оқушылары мультимедиялық және физика кабинеттеріне экскурссияға барып тамашалады.  Физика және информатика пәндерінің онкүндігі қызықты, танымды әрі тартымды өтті.

Просмотров: 712


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст