«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Зеренда отдела образования по  Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысында су тасқынына қарсы штаб іске қосылды

31.03.2022

Ақмола облысында алдағы көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары белсенді жүргізілуде. 28 наурыздан бастап облыстық Төтенше жағдайлар Департаментінің дағдарыс орталығында облыстық су тасқынына қарсы штаб құрылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Аудан аумағындағы су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуымен байланысты ТЖ-ға әсер ететін факторлар туралы ақпаратты жинау және қорыту штабтың міндетіне кіреді. Сондай-ақ, жұмыс тобы Гидротехникалық құрылыстарды тасқын сулармен толтыруға, олардың өзен арналары арқылы өтуіне мониторинг жүргізеді. Су айдындарындағы су деңгейі көтерілген жағдайда су басу аймағына түсетін аудан әкімдіктері мен халықты дереу хабардар етеді.
Департамент су тасқынына 445 адам, 84 бірлік техника, 12 жүзу құралы, 97 мотопомпа қарсы күштер мен құралдарды дайындады. Су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайда аудандарда Департаменттің резервтік күштері мен құралдарын көшіру ұйымдастырылады (Целиноград, Астрахан, Аршалы, Атбасар аудандары). Сондай-ақ басқа облыстардан күштер топтары құрылды.
Бұдан басқа, штаб АҚ және ТЖ қызметтерімен облыстың аудандары туралы қалалардың өзара байланысын жолға қойды. Су тасқыны кезеңінде «жедел желі» телефондары «112», су тасқынына қарсы штаб нөмірі 8(7162) 55-14-84 жұмыс істейді.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Просмотров: 290


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст