Ғылыми жобаларды қорғауға жеті жұмыс ұсынылды. Оқушылар ғылыми жобаға өздерінің презентацияларына қоса қолдан жасаған макеттерін де ұсынды.
Жас ерекшеліктеріне қарай 1-7 сынып оқушыларының арасында 3 – орынды 1 сынып оқушысы Кенжина Найля және Маршалко Дарья иеленді. Жұмыстың Тақырыбы: «Қағаздан әртүрлі аппликациялар жасау».
«Гүлдер құпиясы» тақырыбында 2 – сынып оқушылары Панькина Ксения мен «Жасыл аптека» тақырыбында Әльби Мадина , сол сияқты 7 – сынып оқушысы Хрипченко Виктория «Орыс тілі сабағында оқушының тілдік нормалардың бұзылуы» тақырыбындағы жұмыстары үшін 2 орынды иеленді.
3 – сынып оқушысы Каргин Захар «Организмдегі алманың саяхаты» тақырыбындағы жұмысы мен 8 – 11 сынып оқушылары арасында 9 – сынып оқушысы Ермуканова Асемнің «Зеренді ауданының қасиетті орындары» тақырыбындағы жұмыстары1 орынға ие болды.