Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Эммануэль Макронды Француз Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.
Мемлекетіміздің басшысы құттықтау жеделхатында Эммануэль Макронның сайлаудағы айқын жеңісі Францияның ұлттық мүддесін қорғау және елді өркендету жолындағы оның қажырлы қызметіне халықтың берген жоғары бағасы мен сенімінің айғағы деп атап өткен.
Қазақстан Президенті екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген стратегиялық серіктестікке тың серпін беру үшін өзара күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін нақтылады.
https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaev-franciya-prezidentine-kuttyktau-zhedelhatyn-zholdady-253626