ҚР ҚМА Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында коммуналдық қызметтерге тарифтерді қалыптастыруға әсер ететін негізсіз шығындарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.
16 кәсіпорындар мен 2 лауазымды тұлғаларға қатысты жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесінде жылумен, электрмен, сумен және газбен қамту саласы бойынша 21 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Бүгінгі таңда аталған істердің барлығы бойынша 5,5 млрд теңгеге залал өтелді және 1,9 млрд теңгенің мүлкі қамауға алынды.
Мәселен, Атырау облысында Құлсары қаласы мен Жаңа Қаратон кентіндегі жылу желілерін, су құбырларын және кәріз құбырларын жөндеу кезінде қаржы жымқыру, сондай-ақ артық төлем жасау фактілері бойынша істер тергелуде.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1652418571