Текст
Бүгін референдум барысында Қазақстан бойынша 315 сайлау учаскесінде 1500 интервьюер жұмыс істеді. Сайлау учаскелерінен шыға берісте үздіксіз нүктелі әдіспен жүргізілген сауалнамаға 350 000-ға жуық қазақстандық қатысты. Мұндай мәліметтерді онлайн-марафон барысында СОЦИС-А жобасының жетекшісі Әлібек Тәжібаев хабарлады.
Дауыс берушілердің 76,7%-ы Конституцияға енгізілетін түзетулерді «қолдаса», 23,3%-ы «қарсы» болған. Зерттеу қорытындысына сәйкес, сайлаушылардың келуі 67,5%-ды құрады», - деді спикер алдын ала мәліметтерді жариялай отырып.