«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Зеренда отдела образования по  Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«TALQYLAU» партия алаңында референдумның қорытындысы талқыланды

16.06.2022

«AMANAT» партиясының орталық аппаратында «TALQYLAU» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы сарапшылар референдумның қорытындысы мен Жаңа Қазақстанның Конституциясын талқылады.
Жиынға қатысқан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов референдум қорытындысының қоғамның бірігуінің жаңа деңгейін көрсеткенін атап өтті.
«Бұл еліміздің одан әрі дамуы туралы билік пен қоғамның түсінігі ортақ екенін білдіреді. Азаматтар еліміздің Ата Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қолдады. Енді Үкіметтің алдында жаңа міндеттер тұр – бұл азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді шешу және барлық саланы стратегиялық басқару. Яғни, сапалы жұмыс орындарын құру, халықтың табыс деңгейін, әлеуметтік және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, көлік-логистикалық жүйені жетілдіру және т.б.», — деді вице-премьер.

Просмотров: 262


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст