«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Зеренда отдела образования по  Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ж.Қасымбек: Жыл қорытындысы бойынша экспорттың оң серпіні сақталады

04.07.2022

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
Өңірде экономиканың негізгі салалары тұрақты жұмыс істеуде. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 5 айдың қорытындысы бойынша 102,3% деңгейінде қалыптасты. Қазіргі кезде Президенттің тапсырмасы бойынша облысты 2 өңірге бөлу жүріп жатыр.
Ж.Қасымбек облыстар бөлінгенге дейін 5 ай бұрынғы нақты көрсеткіштерге тоқталды. «5 ай ішінде өнеркәсіп өндірісі 2,1%-ға өсіп, 2,1 трлн теңгеге жетті. Жыл соңына дейін өсудің оң қарқынын сақтау жоспарлануда. Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында экспорт көлемі 13,7% өсіп, 2,3 млрд АҚШ долларын құрады.
Сонымен қатар, Арселор Миттал Теміртау өнімдерінің экспорты бойынша мәселелер бар. Облыс бойынша оның шикізаттық емес экспорттың көлеміндегі үлесі бүгінде 35%-дан асады. Осы жылдың көктемінен бастап Ресей Федерациясына өнімдерді жеткізу бойынша қиындықтар туындады.
Алайда, кәсіпорын Еуропа елдеріне, соның ішінде Транскавказ дәліздерін пайдалана отырып, жаңа нарықтарды игеру мен өнімдерді жөнелту бағыттарын игеруде. Жыл қорытындысы бойынша экспорттың оң серпіні сақталады», - деді спикер.

Просмотров: 266


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст