Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек дипломдарды "басып шығаратын" жоғары оқу орындары туралы айтты
Білім және ғылым министрлігі "диплом шығаратын фабрикаларды"жабу бойынша үлкен жұмыс атқарғанын білесіздер. Бұл жұмыс жалғасады. Бүгінгі таңда сот өндірісінде 15-ке жуық сот ісі бар, бірақ бұл ЖОО-лар жабылады дегенді білдірмейді.
Бұл бағыттағы жұмыс табанды түрде жалғасуда. Мен министр ретінде бірінші кезекте білім беру сапасына жауап беремін. Сондықтан бұл бүкіл білім беру жүйесі үшін күшті сигнал болуы керек. Егер жоғары оқу орны Министрлік белгілеген сапаға, регламенттерге сәйкес келмесе, онда біз мұндай жоғары оқу орындарын қатаң қадағалайтын боламыз.
Ғылым министрлігінің басшысы тиісті сапа мен регламентке сәйкес келмейтін жоғары оқу орындарын бақылауға алатынын атап өтті.