Президенттің 2022 жылғы 19 қантардағы 780 «Балалар жылы жариялау туралы» Жарлығын іске асыру шеңберін Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттамалар басқару комитеті «Архив және болашақ ұрпақ» жобасын өткізу бастамашалық жасады. Жобаның негізгі идеясы жыл сайын 21 қыркүйекте бүкіл ел бойынша мемлекеттік архивтердің ашық есік күні «Архив және болашақ ұрпақ» түрлі жастағы балаларды кеңінен қамтитін іс-шаралар өткізуде.
Бүгін Зеренді ауданының мемлекеттік архиві №2 Зеренді ауданының орта білім беру мектебінде «Архив және болашақ ұрпақ» атты жобасы бойынша іс-шара өткізді. Фотоқұжаттар көрмесіне шолу, роликтер көрсетіліп, мемлекеттік мұрағат бойынша онлайн экскурсия ұсынылды. Бұл шараға 7-8 сынып оқушылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және мұғалімдер қатысты.