Текст
Осындай атаумен «Ұлттық валюта күні – Теңге» 8-сыныпта Қазақстанның Ұлттық валюта күніне арналған ашық сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты экономикалық білім негіздерін қалыптастыру болды. Балалар ақшаның пайда болуы, оның адамзаттың тарихи дамуындағы қолданылуы, қазіргі өмірдегі рөлі туралы жалпы түсініктемелер алды. Кез келген мемлекеттің тарихы өз валютасының тарихын қамтиды, оны енгізу бір рет қана болады.